Отзыв. Ж.Ә.Сапиева ханымға
2015 жылғы қаңтардың 13-нен Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ӨТБ-3 бөлімінде емделіп жатырмын. Дәрігерлер де, орта және кіші медицина қызметкерлері де аса мейірлі, ізетті, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын білікті адамдар. Айтарымыз тек алғыс қана.
24 сағат бойы науқастарға ерекше қамқорлық көрсетіп, тынымсыз еңбек етеді.
Науқас ретінде бір байқағаным - өзге ауруханалардағыдай емес, орта буын медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме (нагрузка) өте көп секілді. Жанымыз ашиды. Оның үстіне бөлімшеде аурулары асқынған, өмірде ашынған, ішімдікке салынған адамдар да аз емес көрінеді. Мейірбикелер солармен тіл табысып, ем-дом алуына барынша қамқорлық көрсетіп бәйек болады. Бірақ жұмысымыз ауыр деп ренжігендерін байқаған емеспін. Ризамын.
Бірақ, осыны көре тұра үн-түнсіз жүре беруді де жөн санамадым. Себебі, мейірбикелер мен кіші қызметкер де көңіл бөлуге лайықты адамдар.
Әр қызметкердің жүктемесін сәл-пәл азайтса, жұмыстың да нәтежиелі болуы сөзсіз деп ойлаймын. Ол үшін штат санын 3-4 адамға ұлғайтса болар еді. Мүмкіндік келсе, осы жағына көңіл бөлсеңіз. Бірақ бұл қазіргі еңбекақыларына ешқандай зиян келтірмейтін болса ғана. Себебі, жалақыны қысқарту есебінен штат санын көбейту мәселені шешпейді. Керісінше жұмыста салғырттық пайда болады.
Осы өтінішімді қарап, оң шешім қабылдар деп сенемін.
Ізгі ниетпен: жазушы-журналист С.Қ.Иманасов.
ЕщеОтзыв. От всей души выражаю глубокую искреннюю благодарность врачам Накысбек Гульбану Бахытнуровна, Аппазов Саттар Адилович, Еспаева Айман Стыбаевна, Айбасова Назым Макежановна - медсестра за их профессионализм, моральную и психологическую поддержку, чуткое отношение, внимание и доброту. Желаю здоровья, успехов в трудной, но полезной и благородной работе!
Еще